Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына, «Астана Балет» театры, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына» барды.
Мәдениет ұйымдары ұжымдарымен кездесу барысында олардың қызметінің проблемалық аспектілері, одан әрі даму мәселелері, жұртшылықтың сапалы мәдени өнімге сұранысын қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет объектілері мен министрліктің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мекемелердің жұмысымен танысып, ұжымымен сұхбаттасқан Дәурен Абаев олардың қоғамдағы гуманистік құндылықтарды нығайтудағы, рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастырудағы және ұлттық мәдени мұраның өшпейтін үлгілерін насихаттаудағы рөлін атап өтті.
«Мемлекет басшысы министрліктің алдына бірқатар маңызды және ауқымды міндеттер қойды. Басты мақсат – қоғамды жаңғырту, әсіресе жас қазақстандықтар арасындағы рухани құндылықтар мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру. Бұл процесте Сіздер қоғам санасына терең мағынасы бар құндылықтарды сіңіріп, қалыптастыратын және тарататын елдің мәдени өмірінің негізгі факторы ретінде ерекше рөл атқарасыздар», — деп атап өтті Д.Абаев.
Сөз соңында Дәурен Абаев өткен кездесулердің пайдалы әрі жемісті болғанын және жақын арада мәдениет пен өнер ұйымдарының ұжымдарымен тағы да бірқатар кездесулер өткізетінін айтты.