Ноғайларда сақталған Түріктердің ескі халық қаһармандарының бірі -Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінде жасалған діни дәстүр туралы айтылады. Ахмет Ясауидің қайтыс болғаннан кейін көрсеткен кереметтері жайында да осы сынды көптеген аңыздар ұшырасады. Негізінде Ясауи әлемі тек Орта Азияда немесе Солтүстік түріктері мен Қырғыздар арасында ғана емес, бүкіл түрік мемлекеттері секілді терең және қуатты бір халықты рухани байытқандығын ескерсек әулиелердің өздері өлгеннен кейін де көптеген кереметтер көрсеткендігі туралы аңыздардың мәні мен мағынасы өздігінен түсінікті бола түседі. Шиллер есімді ағылшын саяхатшысы Ресейдің Түркістанды жаулап алуынан біршама уақыттан кейін осы өңірге жасаған саяхатында Ясыға келіп, Қожа Ахмет Ясауидің халық арасында тараған тағы бір аңыз әңгімесін қағазға түсіреді. Аңыз бойынша «өзі дүниеден баз кешкен соң Ахмет Ясауи хазірет мешіт мұнарасына шығып, басынан ақ сәлдесін шешіп тұрып, халыққа көрінгендігі үшін жұрт бұдан қаланың жақында орыстардың қолына өтетіндігі мағынасын шығарады және осыған сүйеніп, орыс әскеріне қарсылық көрсетпеген көрінеді». Сонымен бірге, саяхатшының осы мешітті Орта Азиядағы бүкіл мешіттерден әлдеқайда қасиетті саналуымен дараланатындығын, Ресейдің жаулап алуынан бұрын барлық ғалымдар мен халықтың осы жерге жиналып, тыныштықтарын бұзған жаудың бетін тойтаруды Алладан тілегендіктерін жазады.