МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Тәуелсіздік және Түркістан» атты фото және кітап көрмесі таныстырылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Сауран ауданы, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде «Тәуелсіздік және Түркістан» тақырыбында фото және кітап көрмесі өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған еңбектер мен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттауды мақсат еткен көрмеде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық тарихи жәдігерлер жайлы мағлұматтар беріліп, деректі, мазмұны терең құнды кітаптар таныстырылды.

Көрмеге мектеп әкімшілігі мен ұстаздар және оқушылар қатысты.

Басқосу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Т.Оразов «Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз», экскурсовод Қ.Нұрахметова  «Тәуелсіздік-ел тұғыры» тақырыбында лекция оқып, оқушыларға Тәуелсіздік пен Түркістан ұғымдарының кешегі, бүгінгі және болашақтағы маңызы туралы әңгімеледі.

Кездесу аясында оқушылар да өзіндік пікірлерін білдіріп, тарихи мұраларды сақтау, қорғау, олар жайлы деректерді зерттеу мәселелері бойынша сауалдар жолдады.

Алдыңғы ақпарат

Түркістан қақпалары жайлы ақиқат

Келесі ақпарат

Өзбекстандық делегация Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді.