МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Құман-самаурын

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қорында   ХVІІІ-ХХ ғасырларға тән құмандардың бірнеше түрі сақталуда. Бұлардың көпшілігі мыс, жез, шойын, металдардан және қыштан жасалған. Осы құмандармен қатар музей қорында құман және самаурын қызметін қоса атқаратын құман-самаурынның да бес данасы сақталуда. Бұлардың бірі мыстан жасалған ХІХ ғасырға тән құман-самаурын. Құман-самаурынның өлшемі: 44 х 40,5 см, алмұрт пішінді, тұғырының жан-жағы ойылған. Оттығына кіріп тұру үшін оттығының түтігі жоғары қарай көтерілген кернейге ұқсап, қақпағы салынған және түтікті қаптап кигізілген.

Құман-самаурын қазақ арасына ХVІІІ-ХІХ ғасырларда тарала бастаған самаурындарға еліктеп заман ағымына қарай көшсе өзімен бірге алып жүруге ыңғайлы етіп самаурын мен құманның үлгілерін біріктіріп жасаған қолөнер шеберлерінің жұмысы. Қызметі шәй қайнатуға арналған, кейде жолаушылап жүрген кезде тамақ та әзірленетін болған. Бір қарағанда құман болып көрінгенімен ішінде оттығы бар құман самаурын.

Қазақ халқы әрбір затты жан-жақты тиімді қолдануға аса үлкен мән берген. Ата бабаларымыз «қуыс үйден құр шықпа» деген  дәстүрді ұстанғн қонақжай халық болғандықтан көшіп-қонып жүрседе жолаушылап кірген қонаққа осы құман самаурынмен талай шәй қайнатқан шығар деген ойдамыз. Бұл ерекше ыдыс музейге 2003 жылы Кентау қаласының тұрғынынан қабылданған.

Алдыңғы ақпарат

Тәуке хан кесенесі, ХVІІІ ғ.

Келесі ақпарат

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясына қатысушы делегаттар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді