Түркістан қаласында өткен «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясына қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп, бабалар рухына құран бағыштады.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Данияр Сәдуақасов Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының Білім және ғылым вице-министрлері мен еуропалық білім саласының өкілдеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі қазандық, құдықхана, ортағасырлық кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, мешіт, асхана бөлмелерін таныстырды.