Етік тұмар, қыштан жасалған ХІІ ғ. Етіктің биіктігі 4,5 см. қонышының диаметрі 2,8 см. Етіктің тұмсығы оң аяққа арналып біраз жонылған. Қонышы кеңдеу, жоғары жағына жіп (бау) тағуға арналған тесік саңылау (4 мм.) жасалған. Қонышының жоғарғы тегіс жерінде тағы да бір тесік бар. Бұл тесік те бау тағуға арналған. Қонышының қырына өткір құралмен күйдіргенге дейін алты бұтақты «Өмір ағашының» бейнесін салған. Бұтақтың арасына бұтақ дәндері бейнелеген. Ішкі және сыртқы суретте аз ғана өзгешелік бар. Етік қонышындағы «Өмір ағашының» бейнеленуі, сирек кездесетін декор болып табылады. Ертеректе етік адам өмірінде жоғары орын алған. Етік адамның азат екендігін білдірген, аяқ киімі жоқ адам құлмен тең болып есептелген. Ол кезде құлдар да ғана етік болмаған. Етік тұмар Қаратөбе -Сауран қаласы қазбасынан табылған.