Халқының құрметіне бөленген, біртуар тұлғалар мен тарихымыздан белгілі ел билеген хандардан бастап, халқын, жерін қорғаған батырларымыз, небір даусыз шешімін тапқан би шешендеріміз Құл Қожа Ахмет Ясауи қабірінің жанына жерлеуді көзі тірісінде ұрпақтарына өсиет еткен.
Шалғай аудандарда қыс кезінде қайтыс болған әйгілі адамдар уақытша сөреде ұсталып, тек күн жылына бастаған кезде ғана Түркістанға әкеліп жерлейтін болған. Осындай кесенеге жерленген батырлардың ішінде Есенгелдіұлы Наймантай батыр да болған.
Түркістанда ұлы хандық құрған әз Тәуке ханның белгілі қолбасыларының бірі, жоңғарқалмақ шапқыншыларына қарсы талай қырғын соғыстарға қатысқан, балаларын, соның ішінде Байғозы батырды ерлікке, елін қорғауға бастап баулыған аға батыр.