МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Гемма

Сидақ ата қазбасынан 2008 жылы ІV-V ғасырларды қамтитын қазба қабатынан табылған «гемма» шыны, балауыз сияқты жылтыр көрінетін ашық-жасыл түсті келген халцедон тасынан жасалынған. Гемма үлкен жүзік тәрізденіп бүйірінен мойынға  бойтұмар есебінде тағып жүру үшін 07х 08 мм. тесік жасалған. Осындай геммалар Отырар оазисіндегі Қоңыртөбе мазарынан, Жетіасар ескерткіштерінен, Түркістан  оазисіндегі Сауран, Сидақ ата қалаларынан табылған. Олар ІV-V ғғ. тән «жалған жүзіктер» түріндегі сасанидтік геммалар болып табылады. Геммалардың беттеріне әр  түрлі жәндіктердің, құстардың, аңдардың кейбіріне түсініксіз бейнелер батыра  ойылып салынған. Оларды ирандық бағыттағы сауда-саттық жолымен келген шетелдік сасанидттік геммалар деп айтуға болады. Геммалар дегеніміз-өрнекті тастар болып табылады. Геммаларды кезінде асыл тастардан жасалған әшекейлік қасиетті тас  ретінде пайдаланса, келесі біреулер, жекеменшік белгісін білдіру мақсатында қолданып, мөр қызметін атқаруға пайдаланған.

Алдыңғы ақпарат

Қошқар бейнелі шырағдан, ХVІІ-ХVІІІ ғғ.

Келесі ақпарат

Полицейлер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты