«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұжымы сағат 12:00-де коронавирус індетінен көз жұмған азаматтарды үнсіздікпен еске алып, құран бағыштады.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен «13-шілде Жалпыұлттық аза тұту күні» болып жарияланғаны белгілі. Бүгін еліміздің Мемлекеттік Туы төмен түсіріліп, іс-шаралар, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі де індеттен қаза болғандардың отбасы мен жақынын жоғалтқан әрбір азаматтың қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.