МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Тайқазан, ХIV ғ.

Тайқазан 1399 жылы Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Қарнақ елдімекенінде жеті түрлі асыл металдар қоспасынан құйылған. Оның биіктігі 158,3 см. ернеуінің диаметрі 243,4 см. Қазанның салмағы екі тонна, сыйымдылығы 3000 литр. Қазан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25-маусымда құйылған. Бір кездері тайқазанға дәмі келтірілген су құйылып, жұма намаздан соң кесенеге келгендерге таратылған екен. Тайқазан бетіндегі жазулар үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде кіріспе сөзбен басталатын Құран Кәрімнің 9-сүресінен үзінді берілген, онан кейін Пайғамбар хадисімен жалғасқан, онан соң тайқазанды кім жасатқаны және жасалған жылы көрсетілген. Екінші белдеуді қазанның он құлағы мен он өрнекті томпағы жиырма картушқа бөледі. Қатар орналасқан екі картушта шебердің өз аты-жөні жазылған. Тебриздік шебер Абду-л Әзиз ибн Шарафуддин. Үшінші қатарда 22 рет қайталанған Құдайдың құдіреті жайлы ескерту жазылған.

Алдыңғы ақпарат

Шырағдандар, ХIV ғ.

Келесі ақпарат

Күміс Сейітова: «Көне Түркістан қаласы тарихи-мәдени кешенінің аумағынан еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы мұражай ашылады»