МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қазақстандық туристердің елге оралуы мәселесіне арналған баспасөз жиыны өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық туристердің елге оралуы  мәселесіне арналған баспасөз жиыны өтті.

Онлайн форматында өткен тікелей эфирге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а Дастан Рыспеков қатысты.

Осы жылдың 18 наурызындағы министрліктің нақты есебіне сай туристік операторлар арқылы келетін қазақстандық туристердің саны 5914 адамға жеткенОлардын көпшілігі Египет — 2652; Біріккен Араб Әмірліктері — 1391; Тайланд — 404; Үндістан — 490; Мальдивтер — 254; Шри-Ланка — 231; Вьетнам — 140; Доминикана Республикасы — 115; Түркия — 83; Чехия -47; Малайзия — 50; Куба — 10; басқа елдер — 37.

«21 наурыздағы жағдаймен қарасақ 14 чартерлік рейс ұйымдастырылды, 2 818 адам тасымалданды, Египеттен — 8 рейске 1791 адам; Үндістаннан — 230 адамға бір рейс; Мальдивтен 227 адамға арналған бір рейс; БАӘ-тен 347 адамға екі рейс; Тайландтан 235 адамға бір рейс, РФ арқылы транзитпен 21 адамға 1 рейс.

Қазіргі уақытта наурыздың 18-нен 23-не дейін 3840 адамды тасымалдауға жалпы 19 рейс қарастырылған.

Осылайша, 1022 туристі қамтитын 5 рейс қалып отыр, оның ішінде 733 жолаушысы бар 4 рейс (Египет, Шри-Ланка және РФ) бүгінге жоспарланған.

Сонымен қатар, тұрақты рейстермен 1879 адамнан 1695 адам қайтып келді.

Қазіргі уақытта шетелдегі 379 азаматты қайтару қалды, оның 319-і 23 наурызға дейін Ресей арқылы транзитпен қайтады»,-деді Дастан Рыспеков.

Атап айтқан жөн, шетелдік, соның ішінде қазақстандық азаматтардың Ресей Федерациясының аумағына кіруіне тыйым салу мәселесі тіркелген болатын. Осыған байланысты Қазақстанның 55 азаматы Ресей әуежайларына 19 мен 20 наурыз аралығында ұшып келген транзит аймағында калып, Қазақстанға орала алмады.

«Аталған мәселе елбасшылығы тарапынан шешімін тапты. Алдағы 2-3 күн ішінде Ресей Федерациясы арқылы елге транзитпен келе жатқан қазақстандық туристер осындай қиындықтарға тап болмайды деп үміттенеміз»,-деді Д.Рыспеков.

Сонымен қатар  комитет басшысының міндетін атқарушы осынау жұмыстарда кедергілердің бар екендігін де жоққа шығармады.

«Бүгінгі жағдайда біз жайлылық пен ыңғайлылыққа 100% кепілдік бере алмаймыз, себебі елге оралу кезінде әртүрлі елдерден келген топтарды жинақтау біраз уақыт алуы мүмкін. Мысалы, Доминиканадан, Вьетнамнан, Тайландтан, Кубадан және басқа елдерден 5-тен 30 адамға дейінгі топтар ұшып келеді және ұшақты тиімді бағыттау үшін оларды кем дегенде 100 адамнан тұратын топқа жинау керек»,-деді Дастан Адайұлы.

Қазақстандықтардың шетелден қайтаратын чартерлік рейстер тек Нұр-сұлтан мен Алматыға ғана емес, сондай- ақ Атырау, Қостанай мен Ақтөбеге де қонатын болады.

Айта кетейік, барлық рейстерді ҚР Үкіметі «Туристік Қамқор» қорының қаражаты есебінен ұйымдастырып отыр.

Алдыңғы ақпарат

Ақтоты Райымқұлова Наурыз мейрамымен құттықтады

Келесі ақпарат

«Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жоба басталды