МАҢЫЗДЫ :

nothing found

2020 жыл ТҮРКСОЙ шеңберінде Абайдың 175 жылдығына арналатын болды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қырғыз елінің Ош қаласында өткен Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының мәдениет министрлерінің 37- отырысында ақын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған жобамен таныстырды. Таныстырылымнан соң ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен өзге де ұйым мүшелері 2020 жылды түркі тілдес елдерде ұлы ақынның мерейтойын атап өтуді бірауыздан қолдады. ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің шешіміне  сәйкес 2020 жыл ТҮРКСОЙ шеңберінде Абайдың 175 жылдығына арналатын болды.

Іс-шараға Қырғыз елінің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашев, Түркия Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Нәдір Алып Аслан, Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Рафиг Байрамов, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова, Түркіменстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Гурбанмұрад Мырадалиев, ТҮРКСОЙ ұйымы елдеріне қарасты мемлекеттерден келген өзге де мәртебелі қонақтар қатысты.

Сондай-ақ, басқосуға жиналғандар осы жылы бауырлас мемлекеттер арасындағы мәдениет, өнер саласындағы байланыстар жайын талқылады.

Отырыс қорытындысына сай 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы ретінде Өзбекстанның Хиуа қаласы танылды.

Алдыңғы ақпарат

Музей ісі және Қорық-музейлер жөніндегі көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті

Келесі ақпарат

«АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ