Түркістан қаласы, Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінде «Ұлы халықтың — ұлы Абайы» атты мәдени — танымдық шара өтті.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған жиынға мектеп ұстаздары мен оқытушылар қатысты.
Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген мәдени шарада ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін суреттер мен кітаптар көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ, оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа айтудан сынға түсіп, әндерін орындады.
Шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Ардақ Бейсенова рухани тәлімі мол, тарихи құндылықтарды терең танытып, ұрпақ бойына сіңіруге арналған бастамалардың тәрбиелік маңызы да зор екенін жеткізді.