МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Аңыздан туған ақиқат» ғылыми-әдістемелік экспедициясы өз жұмысын бастады

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұйымдастырған «Аңыздан туған ақиқат» ғылыми-әдістемелік экспедициясы өз жұмысын бастады.

Алғашқы сапарын Түркістан қаласындағы Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерін аралаудан бастаған экспедиция мүшелері Шорнақтан шыққан біртуар ақын-жырау Әбдірайым Байтұрсыновтың көзін көрген замандастарымен тілдесіп, естелік-әңгімелерін тыңдады. Сонымен қатар Т. Айтжанов атындағы орта мектебінде Ә. Байтұрсынов атындағы сыныптың ашылуына қатысқан қорық-музей қызметкерлері «Халқын сүйген, халқы сүйген ақын» атты дөңгелек үстелде де кеңінен пікір алмасты. Айтулы шараға
Түркістан қаласының Құрметті азаматтары Еркінбек Омарбеков, Кеңесбек Бөкебаев және ақынның ұлы Абдолла Әбдірайымұлы қатысып, аңызға айналған тұлғалар жөніндегі деректермен бөлісті.

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлының бастамасымен қолға алынған «Аңыздан туған ақиқат» ғылыми-әдістемелік экспедициясы нәтижесінде Түркістан және тарихи жерде туған тұлғалар жайлы деректер «500 аңыз» кітабында жарық көріп, оқырман назарына ұсынылады. Бұған дейін «100 аңыз» атауымен жарық көрген тарихи-танымдық жинақ орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аударылуда.

Аталған экспедиция тобының жетекшісі — Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің редакторы Әбдікерім Манапов

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет-Сұлтан» қорық-музейі қорықшыларының жұмысы туралы бейнеролик

Келесі ақпарат

КЕСЕНЕНІҢ ҚАҚПА-ЕСІГІНДЕГІ ЖАЗУЛАР