МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану-2019» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай өткен дәстүрлі «Ясауитану — 2019» республикалық байқауы мәресіне жетті.

Байқауға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 41 оқушы қатысты.

Үміткерлер бірінші кезеңде «Баба мұрасы — балаға аманат» тақырыбы аясында Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айтудан сынға түссе, «Білім мыңды жығар алысқанда» деп аталған келесі кезеңде сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге Түркістан облысының қатысушысы Қосабай Алма (150 мың теңге) ие болса, бірінші орынды Түркістан облысынан Түленов Өмірзақ (100 мың теңге), екінші орынды Шымкент қаласынан Аманжолова Ұлжан (75 мың теңге), екінші орынды Алматы облысынан Нұрмолда Медеу (50 мың теңге), үшінші орынды Қызылорда облысынан Бейбітшілік Сымбат ( 50 мың теңге) және Алматы облысынан Нұғман Тоғжан (50 мың теңге), Жамбыл облысынан Үсенбаева Дилназ (50 мың теңге) еншіледі. Сондай-ақ, оқушылардың жетекшілеріне де алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Байқаудың мақсаты қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін бойына сіңіру болып табылады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

Түркістанда «Ясауитану-2019» республикалық байқауы өтуде

Келесі ақпарат

Ұлттық валюта күніне орай көрме ұйымдастырылды