Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы қасиетті Түркістан жеріне келді.
Түркістандағы іссапар барысында Мәулен Ашимбаев бастаған Республикалық қоғамдық штаб өкілдері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды.
Штаб құрамында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, мәдениет, білім, медицина, спорт және тағы да басқа салалардың өкілдері және партияның жетекшілері бар.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі