МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ұлттық киножобаларға іріктеу басталды

2019 жылғы 23 мамырдан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильмдер өндірісін іске асыру мақсатында қаржылай қолдау білдіру үшін киножобалар іріктеуін бастады.

Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалардың ұсынымдары 2019 жылғы мамыр айының 23-інен маусымның 1-іне дейін қабылданады.Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде ұлттық фильм болып табылады:

1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалса, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүддеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы танытатындай қызмет етсе;

2) фильмдерді шығару, тарату және көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асырса;

3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;

4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.

Байқау іріктеуінің талаптары, қажетті құжаттар тізімі мен ұсыным формасын жүктеу туралы ақпараттыwww.filmqazaqstan.comсайтының «Қазақстанда түсір!» бөлімінен біле аласыздар.

Ұсынымдар іріктеуі аяқталған соң, бес жұмыс күні ішінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Сараптамалық кеңестің отырысы өтеді.

Байқау қорытындысы орталықтың сайтында жарияланатын болады.

Сұрақтар бойынша: +77026112065 Айнұр Исаева

Алдыңғы ақпарат

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТАЛДЫ

Келесі ақпарат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды