МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМАЛ ҚОРҒАНЫ

«Қазақтың қамал қорғаны» атанған атақты батыр, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірегейі — Қанжығалы Бөгенбай батыр 95 жастан асқан шағында дүниеден өтеді. «Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. Абылай ханның жарлығы бойынша 1778 жылы көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлеген. Бөгенбай батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде «Бөгенбай сөресі» деп аталады. Бөгенбай батырдың өлімін Абылайға естірткен Үмбетей жырау:

«Бөгенбай сынды батырың, береке берсін артына ай, сабыр берсін халқына-ай, Бейіште нұры шалқығай» десе, дала дауылпазы Бұқар жырау:

«Еңбек қылған ел үшін, жауда кеткен кек үшін, қазақтың абырой-арына, сарп қылған бар үшін, қайыры болсын халқыңа, сабыр қыл, ойлап келмесін, қарияң келіп жылап тұр, еңбегі сіңген ер үшін, батырың өтті Бөгенбай» деп жырлаған.

Бөгенбай батырдың халық үшін сіңірген еңбегі сол дәуірде ақ жоғары бағаланған.

Алдыңғы ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР КЕЛДІ

Келесі ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЕЛШІСІ КЕЛДІ