МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музей қызметкерлері оқушыларға танымдық дәріс жүргізді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы білім ұяларында танымдық дәріс беру шаралары жалғасын табуда.

Осыған орай, Түркістан қаласындағы Әл Фараби, Әлішер Науай және Саз өнері мектептерінде «Ясауи мұралары және музыка» тақырыбында дәріс өтті.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Ардақ Бейсенова жүргізген сабақ барысында Қожа Ахмет Ясауи және оның мұралары, оның ішінде даналық сөздері мен хикметтерін музыка тілі арқылы да насихаттау бойынша ақпараттар берілді. Шараға қатысқан оқушылар тарих, таным, тұлғаларға қатысты сауалдарын қойып, түрлі аңыз — әңгімелер жөнінде де пікірлерін ортаға салды. Кездесу соңында мектеп оқушылары ұлттық аспаптарда ойнап, өнерлерін тарту етті.
-«»Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек» деп Елбасы қалың жұртты дәстүрлі құндылықтарға бастады.
Мәдени мұраларымыз , салт- дәстүрлеріміз қайта зерделеніп, музейге қызығушылық артты. Тарих тұлғаларына деген бетбұрыс арқылы ел ұлы бабаларының өткен жолы, ізімен терең таныса бастады. Музей қызметкерлері білім ұяларында өтіп жатқан әрбір кездесуде бала пікірімен санаса отырып, тұлғалар жайлы мағлұматтарды қызыға тыңдауға және өткенге құрметпен қарап, туған жер мен оның тарихын терең танытуға күш салудамыз»,-деді Ардақ Бейсенова.

Алдыңғы ақпарат

Елордада аты аңызға айналған «Қара майор» туралы фильм көрсетілді

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара өткізді