МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Түркістанда қаланың даму болашағы бойынша жиын өтті

26 сәуір, 2019. Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Түркістан қаласының даму болашағы бойынша жиын өтті. Жиынға бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, Қазақстан облыс әкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды.

2019 жылдың 30 наурызы  дүниежүзі мұрасын сақтау жөніндегі қызметті қолдау үшін Түркістанға ЮНЕСКО сарапшылары келіп жетті.  Олардың қатарында дүниежүзілік мұра нысандарының сақталу жағдайына баға беру жөніндегі  Халықаралық кеңестің жетекші сарапшысы (ICOMOS), профессор Доктор Михаэль Янсен (Германия) және CIPA мұрасының құжаттамасы жөніндегі  ғылыми комитеттің ICOMOS сарапшысы доктор Она Вилейкис Тамайо (Канада) бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласын дамыту мақсатында Дүниежүзілік мұра тізіміне енетін Қожа Ахсмет Яссауи кесенесінің жанындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан нысандарда археологиялық, консервациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар ғимараттар мен құрылыстардың құрылымын нығайту арқылы ежелгі архитектураны сақтау, жер асты суларын бұру және бүлінуден сақтайтын қорғаныс элементтерін орнату, қаланың туристік әлеуетін арттыру үшін көшелерге жол салу, аумақтағы нысандарды жайластыру және жақсартуға бағытталған.

«Қазіргі таңда фотограмметрия, тарихи шекаралар мен буферлік аймақтардың тарихи нақтылығының талдауы жасалды. Ескерткіш шекарасының жағдайы,  қамал аумағы, реставрациялық жұмыстардың кесененің визуалды көрінісіне ықпалы зерттелді. Сарапшының әрқайсысы өз бағыты бойынша жұмыс жасауда.  Түркістан қаласының даму бағдарламасына қатысушы әкімдік өкілдерімен, жобалаушылармен, бас мердігерлермен бірқатар кездесулер жүргізілді, жиындар барысында тарихи ескерткіштерге әсері талқыланып, түзетулер мен ұсыныстар енгізілді» — деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қаткар, Түркістан қаласының ежелгі орталығы болып табылатын Күлтөбе қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Археологиялық қазба жұмыстары 2019 жылдың қаңтар айынан жүргізілуде, қазіргі таңда 15 ғылыми қызметкер, 40 лаборант жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында 950 м2. жерге жұмыстар жүргізіліп,  үйді тіреуге арналған тас бағаналар мен тандыр пештің, дәліз бен есік орындары анықталды.

«Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Күлтөбе қалашығының алғашқы экспозициялық бөлігін осы жылдың күз айында ашуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, археологиялық парк-музейді ашу бойынша жұмыс 2021 жылға жоспарланып отыр» — деп атап өтті ведомства басшысы.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде​ «Музейге сый» акциясы өтті

Келесі ақпарат

«NOMAD EXPLORER» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ