МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музейге түсетін қаржы жайлы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1977 жылы 28 наурызда «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. Музей алғашқы келушілерін 1978 жылдың 30 қыркүйегінде қабылдап, өз жұмысын бастады. 1989 жылы  28 тамызда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып құрылды. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін  қайта ұйымдастыру жолымен құрылды. 2023 жылы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №415 Жарлығымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына елімізде  музей-қорықтары арасында  алғашқы болып «Ұлттық» мәртебе берілді.

2015 жылға дейін мемлекеттік мекеме нысанында қызмет еткен қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 80% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 20% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.

Ел ішінде қорық-музейге жүз-миллиондап қаржы түседі деген әртүрлі алып-қашпа сөздер жүргені рас. Осы негізсіз ақпаратқа жауап беру үшін музей әкімшілігі қорық-музейге түсетін қаржының нақты көрсеткішін ай сайын жариялап тұруды жөн көрді.

2025 жылы түскен қаржы.

2024 жылы түскен қаржы.

2023 жылы түскен қаржы.

2022 жылы түскен қаржы.

2021 жылы түскен қаржы.

2020 жылы түскен қаржы.

2019 жылы түскен қаржы.

 

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.