МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Бос орындар

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК бос лауазым орыны бойынша ішкі конкурс жариялайды.

 

Кәсіпорын атауы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Мекен жайы Түркістан қаласы, Әмір Темір 53 А
Телефон 8 707 893 84 86
Электронды почта azret-sultan@mail.ru
Құжат қабылдау мерзімі Сайтқа жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде
Қажетті құжаттар тізімі e-gov.kz алынатын анықтамалар:

1) наркологиялық ұйымынан анықтама;

2) психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

3) туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама;

4) соттылығы жоқ туралы анықтама;

5) сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

6) әскери билет.

 

Бос лауазым орны Қойма меңгерушісі

1 бірлік

 

Үміткерлер

Лауазымдық міндеттері:

 

        тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма алаңдарын барынша ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, инвентарьды жылдам әрі жеңіл тауып алу қажеттілігін ескере отырып, оларды орналастыру бойынша жұмысқа басшылық жасайды;

қоймаға жиналатын тауарлық-материалдық құндылықтардың, сақтау режимдерінің, кіріс-шығыс құжаттарының ресімделу және тапсырылу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

өртке қарсы құралдардың болуын және жұмысқа жарамдылығын, орын-жайдың, қоймадағы жабдықтар мен инвентарьдың жай-күйін бақылайды және уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді;

еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар, тәртібі мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада түсіру-тиеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

тиеу деректемелерін жинау, сақтау және өнім берушілерге уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді;

тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысады;

қойма операцияларының, белгіленген есептіліктің есебін жүргізуді бақылайды;

жұмысында салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің бағдарламалық қамтамасыз етілуін пайдаланады;

қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау және сақтау шығыстарын қысқарту, қойма шаруашылығы ұйымына есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Білуі тиіс қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау стандарттары мен техникалық шарттары;

тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, өлшемдері, маркалары, сорттары және өзге де сапалық ерекшеліктері және оларды жұмсау нормалары;

тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймаға жинау тәртібі мен тәртібі, оларды есепке алу ережелері мен нұсқаулықтары;

жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма орын-жайларын және жабдықтарды жалдау шарттарының талаптары;

көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарды есептеу тәртібі;

есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі;

отандық және шетелдік озық тәжірибе;

экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

—                еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және есеп алу мен бақылау бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және есеп алу мен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық жалақы мөлшері  212 452 (екі жүз он екі мың төрт жүз елу екі) теңгеден бастап, еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай есептеледі.