МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІ

Байболов Берік Қыстаубайұлы – Ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Ғылыми-зерттеу бөлімі «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК  ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. 1990 жылы құрылған бөлім Қазақстан Республикасы заңына және «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК жарғысына, даму жолын айқындайтын тұжырымдамасына, сондай-ақ, жалпы ережелерге сәйкес жұмыс жасайды.

Бөлім құрылымы

Бөлім басшысы, 3-ғылыми қызметкер, 3-кіші ғылыми қызметкер жұмыс атқарады.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Байболов Берік Қыстаубайұлы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Заң және философия» факультетінің түлегі. 2008 жылы аталған университеттің «Философия» мамандағының магистратурасын үздік бітірген. Кіші ғылыми қызметкер, Экспозиция және көрме тобының жетекшісі, ғылыми қызметкерден Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушілігіне дейінгі атқарған қызметтерінде өзінің ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойлық медалімен, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Бірнеше ғылыми, танымдық мақалалардың авторы. «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл» альбом кітабы (2018 ж.), «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» (2019 ж.)., «Түркістанда жерленген қазақ билері» (2020 ж.), «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» (2020 ж.) кітаптары жарық көрген.

Бөлім қызметкерлері музей ісі бойынша  ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта өлке тарихын жинау мен зерттеуді ұйымдастырады. Сонымен бірге, ғылыми мәліметтерді, бақылау нәтижелерін талдау мен теориялық жинақтау жүргізе отырып, музей ұйымдастырған ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ғылыми материалдар жинаумен, жаңадан табылған тарихи-мәдени құндылықтарды ғылыми өңдеумен айналысады. Ізденістерінің нәтижесін баспасөз беттерінде ғылыми, танымдық мақалалар жазып жариялап отырады. Тақырыптық, көшпелі  көрмелер ұйымдастырумен қатар, экспонаттар жинап музей қорын толықтырады.

Бөлім қызметкерлері екі жылда бір рет «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық конференция ұйымдастырады. Сонымен бірге, жыл сайын мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану» республикалық байқауын өткізеді. Бұдан басқа еліміздегі айтулы мерейтойлар мен ғылыми өзекті тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп келеді.

Ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері соңғы жылдары 200-ден аса тақырыптық, көшпелі көрмелер ұйымдастырды. Оның 150-ден астамы музейде ұйымдастырылса, 100-ге жуық музейден тыс жерлерде өтті. Ғылыми зерттеу жұмыстары, конференция, симпозиумдарда 250-ден аса мақала жарияланса, бұқаралық ақпарат құралдарында 180-нен астам танымдық түрлі тақырыпта жазылған мақалалар жарық көрді.

Бөлім қызметкерлері соңғы жылдары «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл» альбом кітабы (2018 ж.), «100 аңыз» кітабы (2018 ж.), «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» (2019 ж.)., «Түркістанда жерленген қазақ билері» (2020 ж.), «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» (2020 ж.), «100 легенд» (орыс тілінде) (2020 ж.), «100 legends» (ағылшын тілінде) (2020 ж.) кітаптарын жарыққа шығарды.

Бөлім ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында,  еліміздегі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейімен, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен,  үш жоғары оқу  орнымен,  Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен, Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Археология және этнография институтымен, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауитану» ғылыми зерттеу орталығымен,  орта арнаулы білім беру колледждерімен, туристік агенттіктермен өзара ынтымақтастық келісім шартына қол жеткізді.

Бөлім  басшысының электронды адресі:
Baybol81@mail.ru

Байланыс сымтетігі 872533 3-23-00.
Моб.:+77756590023, ватсап +77775567305.