МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығына сәйкес Дакенов Ерлан Ерғазыұлы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры қызметіне тағайындалды.
Ясауи музейінде өткен жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы музей-қорық ұжымына жаңа басшыны ресми түрде таныстырып, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, музей-қорық директорының міндетін уақытша атқарған Дүкенбаев Нұрлан Мұсағалиұлының жауапты кезеңдегі табанды еңбегі мен кәсіби біліктілігін ерекше атап өтіп, атқарған жұмыстары үшін шынайы алғысын білдірді.
Кездесу барысында Ринат Зәкиұлы музей-қорық қызметінің алдағы даму бағыттарына тоқталып, тарихи-мәдени мұраны сақтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері жөнінде өз ұсыныстары мен ескертпелерін жеткізді. Сондай-ақ, ол Түркістан төрінде өткен Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан музей-қорық ұжымының еңбегін жоғары бағалап, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне ризашылығын білдірді.
Жиын соңында Ерлан Ерғазыұлы өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаруға дайын екенін білдіріп, музей-қорықты дамыту жолында бар күш-жігері мен тәжірибесін жұмсайтынын айтты. Ол мәдениет саласында жинақтаған білімі мен кәсіби тәжірибесін ел игілігіне бағыттап, көрсетілген сенім үшін алғысын жеткізді.

А.Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмад Йасауи исламды таратушы әулие ретінде: Орталық Азия түркілерін исламдандырудағы сопылардың рөлін қайта қарастыру

Келесі ақпарат

TASAVVUF VE HOCA AHMET YESEVÎ HİKMETLERİNDE AŞK