МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің зерттелу және реставрация тарихы»

🔹Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік семинарында, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі эпиграфикасындағы дүниетанымдық модель және рухани кемелдену үдерісі» тақырыбында баяндама оқыды.
🔹Орталық басшысы өз баяндамасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қасбет эпиграфикасында дүниетанымдық модельдің құрылымы мен мазмұнын ғылыми тұрғыда зерттеу және талдау қажеттілігіне тоқталды. Кесененің эпиграфикалық жазбаларындағы мән-мағынасы кемел адам болу сатысының кезеңдерін көруге болатынын атап өтті. Кесенедегі жазуларлың семантикалық, символикалық және рухани-философиялық қырларының ерекшелігінің маңыздылығын түсіндірді.
🔹Эпиграфикалық мәтіндер арқылы көрініс табатын сопылық ілімнің негізгі ұстанымдары, адамның рухани кемелдену үдерісімен сабақтастығы айқындалатынын, жазбалардың тарихи-мәдени контексті мен олардың түркі-мұсылман дүниетанымындағы орнын атап өтті. Кесенедегі эпиграфиканың тек көркем безендіру элементі емес, терең мағыналық жүктемеге ие рухани-танымдық жүйенің айқын бейнесі екендігін түсіндірді.
Г.Көшенова, Ясауитану ғылыми орталығы Ғылыми аналитика және халықаралық байланыстар бөлімі басшысы.
Алдыңғы ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ РЕСТАВРАЦИЯ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Келесі ақпарат

Халықаралық семинар аясында құнды жәдігерлер таныстырылды