МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР ЖӘНЕ МЕДИА-КОММУНИКАЦИЯ БӨЛІМІ

Бөлімнің құрылым жүйесі мекеменің және Орталықтың құрылымына сәйкес ұйымдастырылады және келесі лауазымдардан тұрады:

  • Бөлім басшысы
  • Жетекші ғылыми қызметкер
  • Аға ғылыми қызметкер
  • 2 ғылыми қызметкер
  • Редактор
  • Кітапханашы

Ғылыми-баспа қызметі кәсіпорынның және Орталықтың ғылыми зерттеу нәтижелері негізінде ғылыми мақалалар, монографиялар, жинақтар, каталогтар, әдістемелік құралдар және өзге де баспа өнімдерін дайындауды және шығаруды қамтамасыз етеді. Ғылыми журналдардың редакциялық-баспалық үдерісін ұйымдастырады (қолжазбаларды қабылдау, сараптамаға жолдау, ғылыми редакциялау, корректорлық өңдеу, беттеу, баспаға ұсыну). Ғылыми басылымдардың халықаралық стандарттарға (ISSN/ISBN тіркеу, библиографиялық талаптар, дәйексөз беру жүйелері) сәйкестігін қамтамасыз етеді. Ғылыми жарияланымдардың электронды және баспа нұсқаларын әзірлейді және таратады.

Ақпараттық-коммуникациялық қызмет кәсіпорын және Орталық қызметі туралы ресми ақпараттық материалдарды (баспасөз хабарламалары, жаңалықтар, мақалалар, сараптамалық шолулар) әзірлейді және жариялайды. Кәсіпорынның және Орталықтың ресми интернет-ресурсын және әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу және ғылыми-танымдық контентпен толықтырады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми және мәдени ұйымдармен ақпараттық байланыс орнату және үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорынның және Орталықтың имидждік және ақпараттық саясатын іске асыруға қатысады.

Медиаөндірістік және цифрлық қызмет фото, бейне және мультимедиалық өнімдер дайындау (бейнероликтер, деректі материалдар, сұхбаттар, подкасттар, онлайн-дәрістер), ғылыми және мәдени жобаларды цифрлық форматта таныстыру (онлайн көрмелер, виртуалды турлар, цифрлық архивтер), ғылыми мазмұнды заманауи медиа форматтарға бейімдеу (инфографика, қысқаша ғылыми түсіндірме мәтіндер, бейнеконтент), ақпараттық материалдардың визуалды және стильдік бірізділігін қамтамасыз ету мен айналысады.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет кәсіпорын және Орталық қызметкерлеріне ғылыми жарияланым дайындау бойынша әдістемелік кеңес береді. Ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, презентациялар және медиа іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу, ғылыми жарияланым белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен ғылыми және ақпараттық құжаттаманы есепке алу, жүйелеу және архивтеу ісімен айналысады.