МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – басты назарда

🔹 Ясауи музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарлы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
🔹Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жиын аясында тақырыпқа сәйкес арнайы бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.
🔹Аталған шара ұйым қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталып, ұжым арасында адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаларын нығайтуға ерекше мән берілді. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
🔹Мұндай іс-шаралар ұйымдағы заңдылықты қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Музей-қорық қызметкерлеріне заң талаптары кеңінен таныстырылып, өз қызметінде заңдылық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы ерекше назарға алынды. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар музей-қорықта жүйелі түрде, яғни ай сайын жалғасын табатын болады.
Т.Сырлыбек, заңгер.
Алдыңғы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті

Келесі ақпарат

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ