МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ынтымақтастық пен тәжірибе тоғысқан тағылымды кездесу өтті

🔹Бүгін Ясауи музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымының қатысуымен мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Аталған басқосуға «Остров-град Свияжск» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем өнер музей-қорығы директорының консервация жөніндегі орынбасары Альберт Саляхов (Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы) арнайы қатысып, мазмұнды баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
🔹Жиынды музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев жүргізді. Кездесу барысында музей ісі саласындағы заманауи бағыттар мен консервация жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, өзара тәжірибе алмасу кең өріс алды. Қонақ маман мазмұнды баяндама жасап, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасып, кәсіби сұхбат өрбітті.
🔹Жиын барысында мамандар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды ой-пікірлер ортаға салынды.
🔹Кездесу соңында қатысушылар спикерге шынайы ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсіп, тағылымды жиынды қорытындылады.
А.Әлібек, баспасөз хатшысы.
Алдыңғы ақпарат

ТҮРКІСТАНДА КӨРНЕКТІ АРХЕОЛОГ МАРАТ ТҰЯҚБАЕВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Келесі ақпарат

«СЫРДАРИЯ ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫ: ЗЕРТТЕЛУІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция