МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым, өнертанушы, ұлт мәдениетінің жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты ғылыми-танымдық жиын өтті.

Іс-шара барысында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы қорында сақталған Өзаға мұраларынан арнайы көрме ұйымдастырылып, қайраткердің ел тарихы мен мәдениетін жаңғырту жолындағы еңбектерін айғақтайтын құжаттар, фотосуреттер мен сирек жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Тағылымды жиынға музей-қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Тастанбеков пен археолог-ғалым Марат Тұяқбаев қатысып, Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық құндылықтарды түгендеудегі табандылығы мен зиялылық болмысын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков, қалалық әжелер алқасының төрайымы, Өзағаның қарындасы Айғаным Серім, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, кітапханашылар, сондай-ақ оқушылар мен студенттер қатысып, тұлғаның елдік мұрат жолындағы еңбегімен танысты.

Жиынға қатысушылар Өзбекәлі Жәнібековтің қазақ мәдениеті мен өнерін жаңғыртудағы, тарихи жадымызды тірілтудегі, ұлттық болмысты сақтаудағы рөлін терең талдап, оның мұрасы бүгінгі рухани жаңғыру үдерісімен сабақтас екендігін атап өтті.

А.Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Келесі ақпарат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У