МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл маңызды келісім қазақ руханиятының көрнекті қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың 95 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асты.

Меморандумның басты мақсаты –

  • тарихи-мәдени мұраны бірлесе зерттеу;
  • көрмелер мен ғылыми жобаларды ұйымдастыру;
  • тәжірибе алмасу және музей ісін дамыту;
  • ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында ортақ жұмыстар жүргізу.

Сонымен қатар, меморандум аясында тараптар өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге, ескерткіштерді есепке алу және құжаттандыру, қорғау аймақтарын белгілеу, реставрация және консервация жұмыстарын жүзеге асыру, ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыруға уағдаласты.

Аталған келісім – екі музей арасындағы әріптестікті нығайтып қана қоймай, еліміздің тарихи жады мен рухани мұрасын келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам болып табылады.

А.Әлібек, баспасөз хатшысы.

 

Алдыңғы ақпарат

«Орталық Азиядағы исламдану мен киелі шежірелер» кітабының екінші томына алғы сөз

Келесі ақпарат

«ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»