🔹 Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Музей педагогикасы бөлімі Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Қолөнер сыры» атты танымдық сабақ өткізді. Шараға ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.
🔹 Сабақ барысында балалар саз балшықты пайдалана отырып, кесе, шәйнек, құмыра сияқты ұлттық қолөнер элементтерін бейнелеп, өз қолдарымен шағын бұйымдар жасады. Бұл олардың қиялы мен нәзік моторикасын дамытып қана қоймай, қолөнердің сан ғасырлық мәнін сезінуіне мүмкіндік берді.
🔹 Іс-шараның мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, өнер арқылы сенімін арттырып, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ музей кеңістігінде баршаға бірдей тең мүмкіндіктер алаңын қалыптастыру.
🔹 Музей педагогикасы бөлімінің мамандары балалардың қолөнерге деген ынтасын жоғары бағалап, олардың әрбір идеясы мен креативтілігін ерекше атап өтті. Балалар бір-бірімен емен-жарқын араласып, жылы атмосферада өнерлерін шыңдады. Іс-шара көңілді әрі әсерлі түрде өтті.
А. Әлібек, баспасөз хатшысы.










