МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» және «Остров-град Свияжск» музей-қорықтары ынтымақтастық орнатты

🔹 Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Остров-град Свияжск» Мемлекеттік тарихи-сәулет және көркем өнер музей-қорығы (Татарстан Республикасы) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

🔹 Бұл келісім – екі мекеменің ғылыми және мәдени әлеуетін ұштастырып, кәсіби байланыстарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған тарихи қадам. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді серіктестігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ортақ жобаларды жүзеге асырудың құқықтық негізін айқындайды.

🔹 Тараптар төмендегі бағыттар бойынша ынтымақтастық жүргізуге уағдаласты:

  • Ғылыми зерттеулерді бірлесе жүргізу;
  • Халықаралық деңгейде көрмелер ұйымдастыру;
  • Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және кеңінен насихаттау;
  • Мамандар арасындағы тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру.

🔹 Бұл бастама халықаралық мәдени интеграцияны күшейтіп, тарихи мұраны қорғау жолындағы бірлескен қадамдарға тың серпін береді. Екі жақ арасындағы байланыс ортақ құндылықтарды жаңғыртып, ғылыми ынтымақтастыққа жол ашады.

🔹 «Әзірет Сұлтан»Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы алдағы уақытта да әлемнің жетекші ұйымдарымен серіктестікті кеңейтіп, Қазақстанның бай мәдени мұрасын жаһандық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

А. Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

СҮЙІНШІ! ЯСАУИ МҰРАСЫ АСЫЛ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ!