МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Халықаралық білім беру корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен сәулет, құрылыс және дизайн саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Халықаралық білім беру корпорациясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Келісімге қол қою шарасына «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының м.а. Н.М.Дукенбаев пен Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры, доктор Б.А.Сабденалиев қатысты.

Сонымен қатар кездесуге KazGASA-ның ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, архитектура докторы М.Б.Глаудинова, Малайзия Ислам университетінен арнайы келген әріптестер — профессор, доктор Алиас Абдкулла мен доктор Фарид ибн Джаффар Сидек қатысып, өзара пікір алмасты. Олардың қатысуы халықаралық ғылыми байланыстың кеңейіп келе жатқанын және мәдени мұраны зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың маңызын айқындай түсті.

Меморандум аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, тәжірибе алмасу, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және т.б. бастамаларды дамыту жоспарланып отыр.

Бұл ынтымақтастық тарихи-мәдени мұрамызды әлемдік деңгейде кеңінен танытуға, ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндіктер береді.

А.Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі ақпарат

«Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі Шиелі ауданында жалғасын тапты