🔹 2025 жылдың 19 қарашасында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Екіжақты келісім бойынша музей-қорық директорының м.а. Н.Дүкенбаев пен Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының м.а. С.Саров құжатқа қол қойды.
🔹 Меморандум аясында мәдени ынтымақтастық нығая түспек. Бірлескен келісім бойынша қос тарап алдағы уақытта мәдени-ғылыми жобаларды, жылжымалы көрмелерді ұйымдастыру, музей-қорыққа байланысты құжаттар топтамасын бірлесіп зерттеуге уағдаласты.
🔹 Іссапар бұдан әрі «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Алматы музейлері бірлестігі арасында мәдени-ғылыми бағыттағы өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қоюмен жалғасты. Бұл келісім екі мекеме арасындағы ғылыми зерттеулерді жүйелеуге, музей саласындағы тәжірибе алмасуды күшейтуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
🔹 Кездесу соңында музей-қорық директорының м.а. Н.Дүкенбаев музейдің баспа өнімін Алматы музейлер бірлестігінің кітапханасына сый ретінде табыстады. Іссапар Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында жалғасады.
Б.Байбол, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.










