МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Алматы қаласында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Рухани келісім аясында кітапхана мен музей-қорық алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстарын саралады. Ресми жиыннан соң музей делегациясы Ұлттық кітапхана қорында сақталған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен алынған XII ғасыр және XVIII ғасырға тән құран кітаптарымен танысып, алдағы уақытта аталмыш құрандардың көшірмесін жасату, реставрациялау мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, музей-қорық мамандары кітапхана қорында сақталған «Насабнама» қолжазбасы, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітаптарының 1902-1910 жылдары Қазан, Ташкент, Ыстамбул баспаларынан шыққан нұсқаларымен танысты.

Б.Байбол, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи мұраларын зерттеу бағытындағы жаңа серіктестіктер

Келесі ақпарат

КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ