МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қожа Ахмет Ясауи мұраларын зерттеу бағытындағы жаңа серіктестіктер

2025 жылдың 18 қарашасында «Әзірет Сұлтан » Ұлттық тарихи- мәдени музей-қорығы мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві арасында өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды.

Музей-қорық директорының м.а. Н.Дүкенбаев пен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры С.Шілдебай қол қойған құжат бойынша Тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, жылжымалы көрмелер ұйымдастыруға және Қожа Ахмет кесенесіне байланысты құжаттар топтамасын бірлесіп зерттеуге уағдаласты.

Шара соңында музей- қорық директорының м.а. Н.Дүкенбаев музей-қорықтың баспа өнімін Архив кітапханасына табыстады. Іссапардың жалғасы  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі, Алматы қаласы музейлер бірлестігі және ЖОО-мен Меморандумдарға отыру шарасымен жалғасатын болады.

Б.Байбол, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.

Алдыңғы ақпарат

Баба Камал Джанди және Орталық Азия түркілері арасындағы Кубрауийа дәстүрі

Келесі ақпарат

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ