22.10.2025 жылы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Түркістан қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен қаламыздағы мектеп және орта арнаулы оқу орындарының жас ғалымдарының басын қосып, «Туған өлке тағылымы» атты жас зерттеушілер арасындағы І-ші дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
— Бұл жинақта туған жердің тарихы, жергілікті белгілі тұлғалар мен қайраткерлердің өмірі, археология, этнография, жәдігерлерді зерттеу, аймақтың туристік әлеуеті мен тарихи орындарды насихаттау бағыттарындағы жасаған мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстары топтастырылған.
— Ғылыми мақалалар жинағын шығару – жастарды ғылымға баулудың бір жолы. Музей-қорық атынан ұйымдастырылатын бұл шараның басты мақсаты оқушыларды жастайынан ғылыми ізденістерге шабыттандыру, сонымен қатар музей ісі мен музей коммуникациясын дамытудың басым бағыттарының бірі.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖИНАҒЫН ЖҮКТЕУ











