Бүгін Халықаралық әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар академиясының (Өзбекстан Республикасы) академиктері, атап айтқанда Академия Президенті Абдулла Менгкобилов, Вице-президенттері Нурали Халмуратович Кабулов, Сайфиддин Рафиддинов және Абдуманноп Зияев жұмыс сапарымен келді.
Сапар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасаудан басталып, әрі қарай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімімен жалғасты.
Меморандумның мақсаты — әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар салаларында ғылыми және мәдени байланыстарды нығайту.
Аталған құжат аясында келесі бағыттар жүзеге асырылатын болады:
- Бірлескен ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- Әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттарын айқындау;
- Ортақ ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар өткізу және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастыру және т.б.
Бұл кездесу екі ел арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды.

К.Есжанова, баспасөз хатшысы.








