Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Несвиж» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы(Белорусь Республикасы) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ұлттық мәртебелері бар екі музей-қорық та ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген, яғни адамзат үшін ортақ құндылықтарды сақтап отырған ерекше нысандар.
Екі кәсіпорынның ортақ мақсаты – тарихты құрметтеу және оны келер ұрпаққа аман жеткізу. Айта кетсек, «Несвиж» Ұлттық музей-қорығы – Радзивилл әулетінің ежелгі ордасы болған, Еуропа мәдениетінің маңызды ескерткіші.
Меморандум аясында мамандар тәжірибе алмасып, бірлескен көрмелер мен зерттеу жобаларын өткізуді жоспарлап отыр. Халықаралық байланыстар музей-қорық қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берері анық.
К.Есжанова, баспасөз хатшысы.










