МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – еліміздің ерте кезеңдердегі тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, сақ-үйсін дәуірінің жауһарларымен келушілерді таныстыру.

Экспозицияға ерте темір дәуіріне тиесілі бірегей жәдігерлер қойылды.
Атап айтқанда:
* Алтын адамның күміс тостағаны мен алтын жүзігі, түрлі әшекей бұйымдар;
* Ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән үш тағанды қазан;
* Б.з.д. ІV-V ғасырлардың түпнұсқа қыш және басқа да ыдыстары;
* Жетісу өңірінің археологиялық жауһарлары;
* Шығыс, Батыс және Орталық Қазақстан аумақтарынан табылған құнды жәдігерлердің ғылыми негізде жасалған көшірмелері.

Көрме тарихи-мәдени мұрамыздың тереңдігін көрсетіп, археологиялық ескерткіштердің құндылығын жаңа қырынан танытады. Сонымен қатар, бұл шара ел ішінде мәдениетаралық диалог пен тарихи таным деңгейін арттыруға бағытталған.

Көрменің ашылуына Түркістан облысының мәдениет саласының қызметкерлері, әжелер алқасының мүшелері, музей қызметкерлері және тарихымызға қызығушылық танытқан қалың көрермен қатысты.

«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» көрмесі көпшілікке 2025 жылдың 28 қазанына дейін ұсынылады.


К.Есжанова, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

Қылует жер асты кешені ескерткішінің экспозициясы

Келесі ақпарат

«Түркістан тарихы» музейі