Қылует жер асты мешіті Қ.А.Ясауи кешені аумағында орналасқан тарихи — мәдени мұралардың біріде бірегейі. Қожа Ахмет Ясауи атамыздың өміріне тікелей қатысты тарихи орын. Оны сақтау – ұлттық сана мен руханиятты жаңғыртудың басты бағыттарының бірі.
Қ.А.Ясауи кешені аумағында Сәулет- реставрация бөлім басшысы Ағытаев С, реставратор Тынысбек.З, Азизбеков Б, Сағымбеков Н жүргізген зерттеу барысында кешенге кіретін жалпы ғимараттардың бәрінде дерлік тұздану белгілері бар екенді анықталды. Бұл құбылыс тек ғимараттың құрылымына ғана емес, оның сақталуына,тарихи материалдардың түп нұсқалығына да теріс әсер етеді.
Жамағатхана бөлмесіндегі тұздану жағдайы
Сәулеттік реставрация бөлім мамандарының кезекті тексеріс барысында ерекше назар аударылған нысандардың бірі- жамағатхана бөлмесі болды. Мешіттің оңтүстік-шығыс бөлігінде қабырғаның төменгі жағында және еденде тұз шөгінділері мен ылғал іздері байқалды (1сурет). Ғимараттың айналасын тексеру нәтижесінде Қабырғаның сыртқы жағында осы бұрыштың айналасында топырақтардың төмен түскендігі, ірге тас арасы ашылып, аралары ажырап кеткендігі анықталды (2сурет). Тұзданудың негізгі себебі ретінде сыртқы жақтаудан (контурдан) және ірге мен қабырға арасындағы түйісу жерлерінен судың құрылым ішіне өтуі анықталды. Жауын-шашыннан, ылғалдың мешіттің қабырға бойын жағалап табанына дейін өтуі, яғни отмостканың да өз қалпынан айнуы, жаңбыр сулары мен жерүсті ағындардың тиісті бағытпен әкетілмеуі салдарынан болған. Ылғал капилярлық қозғалыс арқылы, тұздардың миграциясына себеп болған. Бұл процес жамағатхана бөлмесінің төменгі жақтарында тұздардың пайда болуы түрінде көрініс тапты.Аталған ақауды жою үшін отмостка құрылымын демонтаждау,астындағы топырақ қабатын нығайту,жаңадан гидрооқшауланған отмостка орнату және қабырға түйіспелерін арнайы инъекциялық әдіспен нығайту ұсынылды.

Жалпы атқарылған жұмыстар
Қылует жер асты мешітінің реставрациясы аясында кешенді зерттеу және қалпына келтіру шаралары бірнеше бағытта жүзеге асырылды.Алдымен ескерткіштің қазіргі техникалық жағдайын бағалау мақсатында, құрылыс конструкцияларын визуалды зерттеу, сондай-ақ топырақпен ылғалдылық деңгейіне сараптама жүргізілді.
Жұмыс барысында мешіт құрылымының әртүрлі бөліктеріндегі ылғалдану және тұздану орындары анықталды. Сонымен қатар гидрооқшаулау, дренаж жүиелерін қалпына келтіру, жарықтар мен үгітілген жерлерді инъекциялау, табиғи желдетуді қалпына келтіру тағы бір қатар инженерлік шаралар іске асырылды.

«Отмостка» құрылымының беріктігі бұзылып, ара-жігі ажырап кеткендіктен,толықтай демонтаждалды. Табаны тас құммен тегістеліп, өз табиғи тасынан қайта құралды, ірге мен «отмостка» арасы ерітіндімен құйылып бекітілді. (3 сурет)


Жұмыстар Қазақстан Респуликасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау ережелеріне сай орындалды.








