МАҢЫЗДЫ :

nothing found

VІІ ғасырдан соң жаңғырған Ыдыс

Өрнектелген Ыдыс  2008 жылы Қаратөбе  қаласында жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған ХІІ-ХІІІ ғғ. тән. Жәдігердің  ауыз  жағының  ішкі  беті  ақ,  сыртқы  беті өрнектеліп, шыңылтырланған. Ернеуі  сыртқа  қарай  сәл шығыңқы  болып  келген.   Өрнектеріне  қоңыр ,  жасыл  бояу  қолданған.

Тап осы Ыдысқа ұқсас, Ескі Түркістан қаласындығы, Күлтөбе қалашығы орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған (ХVІІІ ғғ.), және  Өзбекстан республикасының Ферғана қала орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған шыңылтырланған, ангобталған ыдыстар (Х-ХІІ ғғ.), табылғаны белгілі. Бұл ыдыстардың сыртқы өрнектері әсем өрнектелгендіктен, асүйдегі күнделікті тұрмыс жағдайында жеміс-жидек, көкөністер  салып қою үшін пайдаланылған. Алғашқыда леген, табақ, тағара, тостаған секілді өрнектелген асүй ыдыстарының  өрнектері сырқы бөлігіне салынса, керамикалық ыдыс шеберлерінің мәдениетпен-өркениеттің дамуына қарай заманның алдағы уақытында ішікі бөліктеріне әсемдік сан-алуан үлгіде   өрнектер салып отырған.

Жәдігердің 35-40 пайызы ғана сақталған, сегіз бөліктен  құрастырылған. Қайта қалпына келтіру  жұмыстары барысында сақталмаған бөлігі, түбі  толығымен, гипске пва желімі қосылып, гипс үстіне  жәдігердің түсіне сәйкес бояумен  (гуашь) боялып  өрнек  салынып, үстінен түссіз лакпен сырланып, қайта қалпына келтірілді.

Жәдігердің   метрологиялық көрсеткіштері:
ернеуінің диаметрі – 26,5см
түбінің диаметрі –15,5 см
биіктігі –21см

Алдыңғы ақпарат

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «ТҮРКІСТАН — МЫҢЖЫЛДЫҚТАР СӘУЛЕСІ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Келесі ақпарат

Аң бейнелі шырағдан