МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ата заң – ел тұғыры» дөңгелек үстелі өтті

Бүгін ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Ата заң – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түркістан қаласы Прокуратурасы, облыстық адвокаттар алқасы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ғалым-заңгерлері қатысты.

Қатысушылар Конституцияның мемлекеттілік пен құқықтық жүйедегі орны, демократиялық реформалар, заң үстемдігі және әділетті қоғам құру жолындағы рөлі туралы мазмұнды баяндамалар жасап, пікір алмасты. Атап айтқанда, баяндамашылар келесі тақырыптарды қамтыды:

  • Түркістан қаласы Прокуратурасының бөлім басшысы Әріпұлы Заңғар – «Қазақстан Республикасының Конституциясы»;
  • Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жандарбеков Полат – «Конституциядағы шешімдер»;
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.ғ.д., профессор Тұрсұн Хазретәлі – «Конституция – мемлекеттіліктің құқықтық негізі»;
  • Халықаралық туризм және меймандостық университеті, т.ғ.к., профессор Динашева Лаззат – «Конституциялық реформалар – демократия кепілі»;
  • Халықаралық туризм және меймандостық университеті, заңгер, PhD Пошанов Нұрсұлтан – «ҚР Конституциясы: заң үстемдігі және әділетті қоғам құрудың алғышарты»;
  • Халықаралық туризм және меймандостық университеті, т.ғ.к., доцент Сандыбаева Ақмарал – «Конституцияға 30 жыл: еркіндік пен заң үстемдігінің символы».

Шара соңында баяндамашыларға алғыс хаттар табысталып, «Ата заң – ел тұғыры» көрмесі таныстырылды.

Ата заңымыз – елдігіміздің тұғыры!

Б.Байболов, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.

Алдыңғы ақпарат

Кітапхана іс-шарасы

Келесі ақпарат

«Өзбекәлі Жәнібеков – зерттеуші ғалым»