«Жас археолог» үйірмесінің мақсаты:
Жастар арасында халқымыздың тарихын кеңінен насихаттай отырып, еліміздің тарихы мен руханиятына, мәдениеті мен дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыру, отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
«Жас археолог» үйірмесінің міндеттері:
- Археологияның негізгі ұғымдарын меңгерту;
- Қазақстан аумағындағы көне ескерткіштермен таныстыру;
- Археологиялық қазба жұмыстарының негізін көрсету;
- Ойын арқылы зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
«Жас археолог» шығармашылық үйірмесі — мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық әрі тәжірибелік бағдарлама. Үйірме жұмысы жалпы 12 сабақтан тұрды. Үйірме барысында оқушылар археология ғылымының негізгі ұғымдарымен танысып, археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдері мен әдістерін меңгереді. Балалар көне қоныстар, тарихи ескерткіштер мен артефакттар туралы мағлұмат алып, өз бетімен зерттеу және бақылау дағдыларын дамытады. Сабақтар барысында саз балшықпен жұмыс жасап, ежелгі бұйымдардың көшірмесін мүсіндеу арқылы қолданбалы өнер элементтерін игереді. Әр сабақта ойын, шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыс арқылы балалардың қызығушылығы артып, музейлік білім жүйелі түрде беріледі. Үйірме соңында оқушылар алған білімін тәжірибе жүзінде көрсетіп, шағын көрме немесе байқауға қатысады. Бұл жоба өскелең ұрпақтың тарихқа деген құрметін қалыптастырып, олардың зерттеушілік ойлау қабілетін шыңдайды.








