МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Жас экскурсовод» үйірмесі

«Жас экскурсовод» үйірмесінің мақсаты:

Оқушылардың туған өлке тарихына, мәдениетіне және рухани мұрасына деген қызығушылығын арттыра отырып, экскурсия жүргізу өнеріне баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Болашақ экскурсовод ретінде тарихи-мәдени ескерткіштер, музей жәдігерлері мен табиғи нысандар жайлы мағлұмат беріп, оларды көпшілік алдында таныстыра білуге үйрету.

«Жас экскурсовод» шығармашылық үйірмесінің міндеттері:

— Оқушылардың ізденіс, зерттеу және коммуникативтік дағдыларын дамыту;
— Шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
— Азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал ету;
— Экскурсиялық қызмет арқылы оқушыларға музей мәдениетін сіңіру;
— Музей мен туған өлке тарихына деген құрмет қалыптастыру.

«Жас экскурсовод» шығармашылық үйірмесі — музей ісі мен мәдени мұраларды насихаттауға қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына бағытталған жоба. Үйірме аясында оқушылар экскурсия жүргізудің құрылымы, дайындық кезеңдері, көрерменмен жұмыс істеу дағдылары және тақырыпты көркем жеткізу тәсілдерімен танысады. Сабақ барысында музей экспонаттарының тарихи мәні мен мазмұнын зерделеп, олар туралы ақпаратты жүйелі, әсерлі әрі тартымды жеткізуді үйренеді. Сонымен қатар, сөйлеу мәдениеті, аудиториямен байланыс орнату, дикция мен интонацияны дұрыс қолдану бағытында да тәжірибе жүргізіледі. Үйірме соңында балалар өз бетінше шағын экскурсия маршруттарын құрастырып, көрермендер алдында тәжірибелік экскурсия өткізеді. Бұл бағдарлама жасөспірімдердің сенімді сөйлеу, тарихи сана мен мәдени мұраға деген құрмет сынды қасиеттерін дамытып, болашақта кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға жол ашады.

Алдыңғы ақпарат

«Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі»: Ұлы ұстаз мұрасы Шығыс Қазақстанға жетті

Келесі ақпарат

«Жас реставратор» үйірмесі