Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым және мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтың ұлы — Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі әрі «Ozbekali Janibek» қоғамдық қорының директоры Бауыржан Жәнібеков әкесінің «Тағдыр Тағылымы» кітабының жаңа басылымын жарыққа шығарып, біршама данасын «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасына сыйға тартты.
Бұл құнды туындыда Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы, мәдени мұраға сіңірген еңбегі және тағылымды ой-пікірлері көрініс тапқан. Жаңа басылым музей кітапханасының қорын байытып, зерттеушілер мен музей-қорық қызметкерлеріне маңызды дереккөз болмақ.


М.Көпеева, кітапханашы








