МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Мәдениет пен ақпарат алаңындағы жаңа қадам

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Turkistan Media Holding» ЖШС-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісім аясында музей-қорықтың бай мәдени мұрасы мен тарихи құндылықтарын насихаттау мақсатында бірлескен жобалар, арнайы телебағдарламалар және деректі фильмдер әзірленетін болады. Turkistan Media Holding — аймақтық телеарна ретінде, кең аудиторияға сапалы контент жеткізуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты — Қожа Ахмет Ясауи мұрасын, Түркістан өңірінің тарихи жәдігерлерін және музей-қорықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілікке кеңінен таныстыру.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде көрермендер жаңа айдарлар мен қызықты сюжеттер арқылы музей-қорықтың өмірінен тікелей хабардар болып отырады.

К.Есжанова, инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

Алдыңғы ақпарат

«Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» халықаралық көрмесі Орынборда ашылды

Келесі ақпарат

ТЕМІРЖОЛ – ЕЛ ТІРШІЛІГІНІҢ КҮРЕТАМЫРЫ