Музейдің ғылыми кітапхана қорында 2024 жылдың жыл басына 7537 дана кітап тіркелді. Сыйға берілген кітап саны – жоқ дана. Сатып алынған кітап — жоқ. Жалпы кітап саны—7537дана.
Кітапхана қорына сыйға берген кітаптарды кітапхана қорына тіркеу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы Ясауи орталығы құрылды онда 20 жуық ғылыми қызметкерлер жұмыс жасауда. Осы орталықта кітапхана бөлімі ашылды әзірге біздің кітаптарды қолдануда. Қажетті кітаптармен қамтылуда. Газет беттеріндегі қажетті материалдар үнемі жинақталуда.
Кітапхана шарасы. 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай музей қызметкерлері арасында «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің кітапқа деген қызығушылығын, өзара байланысын дамыту және әртүрлі жас санатындағы қызметкерлердің оқырмандық белсенділігін арттыру.
Іс-шараның міндеттері қатысушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыру; көркем әдебиетті оқуға баулу; қызметкерлер арасында шығармашылық бәсекелестік орта қалыптастыру.
Нәтижесінде Бұл іс-шара кітапқұмар қызметкерлеріміздің қызығушылығын оятып, кітапсүйер қауым молайды депайта аламыз.








