МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Башқұртстан Республикасында халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті

10 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі тапсырмасына сай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Башқұртстан Республикасының Ұлттық музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұсынған «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» тақырыбындағы халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.                                                                                                                                                                               Салтанатты шараның ашылуына  Башқұртстан Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Э.А.Карамурзина, Қазақстан Республикасының Уфа қаласындағы Құрметті консулы — С.М.Пилюгин,  Башқұртстан Республикасындағы «Ақ бата» Қазақ ұлттық-мәдени орталығының әкімшілік кеңесінің мүшесі М.Б.Рамазанова, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры м.а. Н.М.Дукенбаев және жергілікті ЖОО басшылары мен оқытушы-профессорлары қатысты.

Экспозицияда Ұлы Жібек жолындағы басты орталық — көне Түркістан тарихымен байланысты бірегей археологиялық олжалар мен 200-ден астам жәдігерлер: Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесін бейнелейтін сәулет элементтері, фотоматериалдар, ортағасырлық нумизматикалық жәдігерлер мен қыш бұйымдар және т.б. құнды мұралар келушілер назарына ұсынылуда. Барша түркі әлемінің рухани мәдениетіне терең әсер еткен XII ғасырдың көрнекті философы, сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен мұрасына ерекше назар аударылуда.

Сондай-ақ, келушілер Ясауи ілімінің Еділ мен Жайық мұсылмандарына, оның ішінде қазіргі Башқұртстан аумағындағы кесенеде жерленген XIV ғасырдағы қазы — рухани көсем Хусейн — бекке әсері туралы ақпарат алады.

Іс-шара барысында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен  Башқұртстан Республикасының Ұлттық музейі арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Көрме 2025 жылғы 3 тамызға дейін жалғасады.

Қ. Ысқақ, көрме ұйымдастырушы

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Келесі ақпарат

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды