OLYMPUS DIGITAL CAMERA
ХІХғ.аяғында негізі қаланған бұл ғимарат Түркістандық атқыштар батальонының І-ші ротасының кіші шендегі офицерлеріне казарма ретінде соғылған. Кірпіштен тұрғызылған, бірқабатты құрылыс, темір шатырлы.
Тарихи ескерткіштің ғимараты мұражай орналасатын мекен-жай ретінде таңдап алынып, 8 бөлімнен тұратын мұражай экспозициясы жасалынып, Түркістанның 1500 жылдығы қарсаңында музей ретінде ашылды. 2014-2015жж. ескерткішке қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы мұражайдың реэкспозициялық жаңғырту, толықтыру, ескі экспозициялық қойылымдарды жаңа шешімде қайта құру жұмыстары жүргізіліп қайта жаңарды. Қазіргі таңда ғимарат «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты Түркістан тарихы музейі ретінде қызмет етіп тұр.
Әдебиеттер:
- Казарма, ХІХв. // Свод памятников истории и културы Казахстана. Южно-Казахстанская область.А., 1994. –С.283. №594.2.
- Тұяқбаев М. Жаңғырған «Түркістан тарихы» музейі / «Ясауи мұрасы» газеті. 2016ж. 1-2 бб.
- Тұяқбаев М. «Түркістан тарихы» музейіңдегі Түркі дәуірінің ескерткіштері // «Древнетюркская цивилизация: памятники письменности» материалы международный конференция. Астана, 2001. А., 2011. –С. 514-521.








